ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫ АЯСЫНДА ТИМБИЛДИНГ ӨТКІЗДІ
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қоғамдық сананы арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жүзеге асырды. Оған 100-ге жуық жас пен еріктілер қатысты.
Қоғамдық орындарда экологиялық сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Қатысушылар «Біз таза қаланы қолдаймыз!», « – сен де қосыл!» сынды ұрандарды қолдап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттады. Іс-шара барысында тұрғындармен сұхбат жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар берілді.
«Жібек жолы» саябағында өткен бұл шараға қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттады.
Сонымен қатар, жастардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында тимбилдинг форматында жаттығулар мен ойындар өткізілді. @TazaQazaqstan
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -