ТҮРКІСТАННЫҢ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ: Туркестанская область, 13 Августа 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАННЫҢ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық іс-шарасы аясында халықаралық «Caspian Hackathon» хакатоны өтті. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен байқауда Түркістан облысының атынан қатысқан «Қызыл жебе» командасы 8 елден келген 80 команданың арасынан үздік атанып, жеңімпаз атанды. Хакатонның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға, өзекті экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ экологиялық және мұнай-газ салаларында инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған заманауи технологиялық және цифрлық шешімдерді әзірлеуге ықпал ету. Байқауға 200-ге жуық қатысушы қатысып, өз жобаларын ұсынды. Техникалық іріктеу нәтижесінде 30 команда финалдық кезеңге жолдама алып, өз жобаларын қазылар алқасының назарына ұсынды. Қатысушылар Каспий өңіріндегі экологиялық мониторинг, деректерді талдау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық тәуекелдердің алдын алу бағыттарында инновациялық цифрлық шешімдерін таныстырды. Түркістан облысының намысын қорғаған «Қызыл жебе» командасы «Caspian Intelligence» жобасын қорғап, жеңімпаз атанды. Команда құрамында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Коммерцияландыру офисі жанындағы YASAWI STARTUP бағдарламасының резиденттері мен университет мамандары бар. «Caspian Intelligence» – Каспий теңізіндегі үдерістерді автоматтандыруға және цифрландыруға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі жоба. Жоба аясында теңіз саласына қатысты ақпараттарды жинақтау, өңдеу және талдау, сондай-ақ алынған деректер негізінде қажетті ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін арнайы алгоритмдер қарастырылған. Жоба Каспий теңізіне қатысты бірнеше бағытты біріктіретін цифрлық экожүйе ретінде әзірленуде. Платформа арқылы порт мамандары, инспекция қызметкерлері, құқық қорғау және басқарушы органдар қажетті аналитикалық ақпаратты жедел ала алады. Сонымен қатар жоба порттар арасындағы өзара байланысты жетілдіруді, теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және Каспий теңізіне қатысты түрлі үдерістерді автоматтандыруды көздейді. Жобаның басты ерекшелігі – әртүрлі деректерді бір жүйеге жинақтап, оларды талдау арқылы тиісті мамандар мен мемлекеттік органдарға нақты әрі жедел ақпарат ұсыну мүмкіндігі. Айта кетейік, Түркістан облысының командасына аталған жобаны әзірлеу және халықаралық байқауға қатысу барысында өңірдегі тиісті мекемелер тарапынан қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңір жастарының инновациялық жобаларын дамытуға және олардың халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуына қолдау білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона