Түсіндірме шаралары жалғасын табуда
Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байкент, Ақсай, Қараой ауылдық округтерінде жалдамалы жұмысшылар мен көлік жүргізушілері жиналатын орындарда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараны облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, исламтану магистрі Сакен Енчебай өткізді. Шара барысында 70 адам қамтылды.
Аталған шаралар діни сауаттылықты арттыруға және түрлі діни ұйымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға, жекелей ақпарат алу кезінде талдауды үйретуге бағытталды.
Шара барысында деструктивті ағымның қауіптілігі, олардың алдын алу жолдары мен психологиялық зияндылығы жайлы ақпараттар берілді.
«OPEN AIR» форматында өткізілген шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Сұрақ жауап ұйымдастырылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы кезінде қарапайым халық дәл осындай жиындар жалғасын тауып әр азамат құлағдар болсын деген пікір білдірді.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -