«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ БОЙЫНША РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында құрылған мобильді топ қоғамдық орындарда рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Мобильді топ мүшелері саябақтар мен скверлерді, демалыс орындарын, базар аумақтарын және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарды аралап, санитарлық тазалық талаптарының сақталуына бақылау жүргізді.
Рейдтік іс-шаралар барысында тазалық талаптарын бұзудың 27 фактісі анықталды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 6 әкімшілік хаттама, 505-бабы бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушыларға жалпы 346 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Түркістан облысында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасып, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау және қоғамдық тәртіп талаптарын бұзбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










