Терроризм және экстремизм: тарих және қазіргі заман
Түркістан облысы Отырар аудандық орталық кітапханасының қызметкерлеріне « Терроризм және экстремизм: тарих және қазіргі заман» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге облыстық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері мен ақпараттық насихаттық топ мүшелері және облыстық білім басқармасының тәрбие бөлімінің мамандары қатысты. Кездесудің мақсаты – кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның экстремистік және террористік идеологиялардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.Шара барысында оқырмандарға және қызметкерлерге экстремистік және террористік қауіптің өзектілігі, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен ұлттық келісімнің маңыздылығы түсіндірілді.Сонымен қатар, экстремистік және террористік ұйымдардың қоғамға келтіретін зияны туралы, халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдыруды көздейтіндігі жайында ақпарат жеткізілді.Ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдарға қарсы тұру жолында ауызбіршілік пен елжандылық ұстанымдарды алға қою қажеттілігі айтылды.Қатысушылар тарапынан аталған мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.Кездесуге 50-ге жуық қызметкерлер мен оқырмандар қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






