Терроризмге мен экстремизмге жол жоқ, экстремистік әсерді алдын алу және одан қорғану
Маңғыстау облысы білім саласында ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің ұйымдастыруымен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Ақтау қалалық әкімдігі терроризмге қарсы комиссия бөлімінің инспекторы, Ақтау қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы, мектеп және балабақша басшылары қатысты.
Кездесу аясында қатысушылар экстремистік топтардан туындайтын негізгі қауіп-қатермен танысып, экстремистік идеологияны таратудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат алды.
Сонымен қатар, іс-шаралар қатысушы мектеп директорлары жастармен әрі қарай жұмыс істеуге, олардың кәсіби білім алуларына көмектесетін пайдалы бейнеролик пен материалдар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жиналыс ұйымдастырушылар тарапынан жауаптар берілді.
Жалпы өткізілген іс-шара қатысушылар тарапынан оң қабылданып, діни сауаттылықты артуына қол жеткізілді.
Жиынға барлығы 80-ге жуық қызметкерлер қатысты.
Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -











