ТОЛЫҚ ЖАУАП АЛЫНДЫ
Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының қызметкерлері кезекті профилактикалық іс-шараларды өткізді.
Бұл жолы А. Сериков пен А.Ғалиасқаров «Аққайың» және «Достық» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Сарапшылар жеткіншектерге «Террористік және экстремистік қызметке тарту технологиясы» және «Діни бірлестіктер заңнамасы» тақырыптарында сөз өрбітті. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өсіп-өркендеуіндегі конфессияаралық келісімнің рөлі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ теріс діни ағымдардың белгілері, адамдарды экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері мен кибер алаяқтық туралы мәселелер де кеңінен қозғалды. Кездесулер соңында зейін қойып тыңдаған балалар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.
Материал ҚР ҰҚК СҚО бойынша
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -