В Астане проходит семинар по созданию социальной среды для людей с инвалидностью
Астананы дамыту орталығы мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтар үшін қолжетімді қалалық және әлеуметтік орта құру бойынша еліміздегі алғашқы курсты бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада «Мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халыққа қолжетімді инфрақұрылым және қызметтер бойынша семинар» жобасы басталды. Жобаның ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігінің «Астана даму орталығы» ЖШС.
Инклюзия – физикалық және ақыл-ой кемістігі бар адамдардың қоғамдық өмірге толық араласа алуына жағдай жасауға бағытталған қазіргі қоғамның негізгі элементі. Бұл жобаны іске асыру қолжетімді және инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыру, азаматтардың барлық санаты үшін тең мүмкіндіктер беру, сондай-ақ Астананың баршаға заманауи, жайлы және қонақжай қала ретіндегі ұстанымын нығайту жолындағы маңызды қадам болады.
Жобаны іске асыру үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 3846-2023 ұлттық стандартын әзірлеген «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ сарапшылары тартылды.
Жұмыстың алғашқы күндерінде, яғни 2-3 желтоқсанда 30 адам оқудан өтті. Астана қаласының туристік нысандары мен қонақүйлерінің 200 маманы дайындалады. Қатысушылар ұтқырлығы төмен азаматтар үшін қолайлы және қолжетімді орта құру үшін теориялық және практикалық білім мен құралдар алады, бұл болашақта елорданың туристік тартымдылық деңгейін арттырады.
Оқыту 2 ағыны: 5-6 желтоқсан; Оқыту 3 ағыны: 12-13 желтоқсан; Оқыту 4 ағыны: 17-18 желтоқсан; Өтетін орны: Қонаев 12/1.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -