В области Жетісу открылся первый центр иппотерапии для детей с особыми потребностями: Область Жетісу, 05 Декабря 2024 года - новости на сайте gurk.kz

В области Жетісу открылся первый центр иппотерапии для детей с особыми потребностями

Мүгедектер күніне орай Жетісу облысында тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды. Нысан Жаркент қаласындағы «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында орналасқан. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды атқа мінгізу арқылы ем жасалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Орталықтың ашылуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қолдау көрсеткен.

– Ерекше қажеттіліктері бар баланың дүниеге келуі – ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Ондай балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болып өсуіне мемлекет барлық мүмкіндікті жасап келеді. Оңалту орталықтарының, түзету кабинеттерінің қызметі арқасында балалар денсаулығын жақсартуға, пайдалы дағдыларды игеруге, қоғамға бейімделуге нақты мүмкіндік алып отыр. Осы ретте Жаркентте ашылған бүгінгі иппотерапия орталығының да үлесі зор болады деп сенеміз, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сания Дүйсенбіқызы.

Орталық директоры Гүлназ Кибраеваның айтуынша, ауданы 400 шаршы метр болатын ангарлық типтегі жабық манеж сапалы жылу оқшаулағыш материалдардан қысқа мерзім ішінде тұрғызылған. Бұл иппотерапия сабақтарын қыста да өткізуге мүмкіндік береді.

- Біздің «Мерей» балаларды оңалту орталығы 2022 жылы ашылды. Мұнда содан бері 40 тәрбиеленуші бейімдеу мен оңалтудан тұрақты түрде өтуде. Солардың төртеуі қоғамға сәтті бейімделіп, мектепке, балабақшаға барып жүр. Енді, міне, орталықтың ем шараларына иппотерапия бағыты қосылып отыр. Балалар иппотерапиядан ем алса, аяққа тұрып, жүруі жақсарады, арқа бұлшық еттері нығая түседі, вестибулярлық аппараты жаттықтырылады. Жалпы иппотерапия денсаулықты жақсартумен қатар одан әрі дамуына үлкен ықпал етеді, - дейді Г. Кибаева.

Адаптивті атпен жүру сабақтарын аптасына үш рет өткізу жоспарланған. Ол үшін орталық басшылығы ерекше қажеттілігі бар балаларға көмектесуге ықылас білдірген «Бекнұр» шаруа қожалығынан «Ақбоз» және «Адмирал» атты екі жылқыны жалға алып отыр. Бұл жылқыларды емге пайдалануға медициналық білімі бар емдік дене шынықтырудың тәжірибелі екі нұсқаушы көмектеседі.

Өз кезегінде психологтар мен дәрігерлердің қорытындысы мен ұсыныстары бойынша балалар ем алып, атқа мінуді бастайды. Мәселен, төрт жасар Мәдиді әжесі Шәкизат Сламжанова орталыққа бір жарым жасында алып келген. Бала алғашында аяғын басып жүре алмаған, айналасымен қарым-қатынасы да қиын болатын. Өзге де оңалту шараларымен қатар Мәди бүгін нұсқаушылардың көмегімен алғаш рет атқа отырып, иппотерапияны бастады.

Сол сияқты 8 жасар Мадиярдың анасы Мақпал Өскенбаева да әлемге танымал осы оңалту әдісі балаларға көмектесетініне сенімді.

- Біз иппотерапия ашу идеясы қолға алынатыны туралы алғаш рет өткен жылы естідік. Облыс басшылығының қолдауымен осы игі бастама іске асырылғаны қуаныштымыз. Мұндағы материалдық-техникалық жарақтандыру, заманауи жабдықтар мен тренажерлер, емдік дене шынықтырулары балаларымыздың сауығуына, өз-өзіне деген сенімдерін нығайтуға ықпал етеді деген үмітпен келіп отырмыз, - деді М. Өскенбаев.

Манежде монтуар, яғни балаларды атқа отырғызуға арналған арнайы баспалдақ орнатылып, қауіпсіздік мақсатында жаттығу алаңына құм төселген. Сонымен қатар мұнда жарықтандыру жүйесі бар, ата-аналар мен мамандар процесті сырттан бақылай алатындай қоршаулар орнатылған.

Жалпы бүгінгі күні «Мерей» орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған, Даун синдромы және басқа да аурулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 56 білікті маман, солардың ішінде педагог-тәрбиеші, әдіскер, дәрігер-невропатолог, педагог-психолог, логопед, психиатр, дефектолог, ортопед, массажист, емдік дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары, дене шынықтыру оқытушысы, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлер қызмет көрсетеді. Тәрбиеленушілерге ыңғайлы болу үшін балаларды қауіпсіз тасымалдауға бейімделген екі «Вираж» ГАЗель бар.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Нұрбол Қанағат.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона