В приграничном селе Достык введен новый спорткомплекс
Жетісу облысының Достық ауылында 80 орынды жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасаөз қызметі.
Алакөл ауданының Достық ауылы аудан орталығы Үшарал қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Шекаралық аймақтағы бұл ауылдың инфрақұлырымын дамытудың маңызы зор. Осы орайда облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде мердігер «Даулет-Серпін 603» ЖШС балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешенін салды. Нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. 72 млн. теңге қаржы бөлінді.
Спорт кешенінің аумағы 4 595 м2 шаршы метр. Екі қабатты ғимаратта дзюдо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, мини футбол, волейбол, баскетбол ойнайтын әмбебап залдар, басқа да жаттығу залдары бар. Достық ауылындағы 6700-ден астам тұрғынның 500-ге жуығы мектеп жасындағы балалар мен 1300-ден астамы жастар екенін ескерсек, заманауи құралдармен жабдықталған бұл кешенде енді олар спорттың алуан түрімен айналыса алады.
Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл, Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов және ауыл тұрғындары қатысты.
«Спортты дамытуға айрықша назар аударылуының арқасында бұл сала аймақта кең өркен жайып келеді. Мәселен, ауданымызда бүгінгі күні 134 спорттық құрылым, атап айтқанда 2 стадион, 5 спорт кешені, 53 спорт зал, 74 жазғы спорт алаңы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Міне, бүгін сол қатарға Достық ауылында салынған 80 орынды жаңа спорт кешені де қосылып отыр. Бұл жастардың дене шынықтырумен айналысуына, саламатты өмір салтын ұстануына өз ықпалы тигізеді деп сенемін», - деді салтанатты рәсімде сөз сөйлеген А. Абдинов.
Жалпы Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, облыс көлемінде 1046 спорттық құрылым бар. Өткен жылы халықтың мың адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 52,8%-ды құраған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -