ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ: Город Астана, 17 Июня 2025 года - новости на сайте gurk.kz

ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылармен «Ұлт. Қоғам. Дін: үштағанының радикалды идеологияның алдын алудағы рөлі» атты тақырыпта кездесу өтті. Қатысқандар саны - 100.

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастырған бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жұмысшылар арасында діни экстремизм мен радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті, қоғамдық тұтастықты және діни сауаттылықты арттыру болды.

Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – “Шапағат” қоғамдық қорының теолог маманы Думан Күмісбек және «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-ның маманы Исатай Ғизатов, Жылыой аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Арай Қанатқызы қатысып, тақырып аясында мазмұнды баяндамалар жасады.

Теолог Думан Күмісбек өз сөзінде діннің қоғамдағы орны мен исламның бейбітшілік пен мейірімділікке негізделген қағидаттарын түсіндіріп, дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Арай Қанатқызы ұлттық құндылықтарды сақтау мен қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде әр азаматтың рөлі ерекше екенін баса айтты.

Ал Исатай Ғизатов деструктивті діни ұйымдардың жастарды тарту тәсілдері мен олардың сыртқы белгілері жайында нақты ақпарат беріп, жұмысшыларға күнделікті өмірде экстремизмнен сақтанудың жолдарын түсіндірді. Ол радикалды идеологияға қарсы күресте ұлттық сана, қоғамдық бірлік және діни сауаттылықтың біртұтас үштаған ретінде әрекет етуі қажет екенін ерекше атап өтті.

Материал Атырау облысының ТҚК мәліметі негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылармен «Ұлт. Қоғам. Дін: үштағанының радикалды идеологияның алдын алудағы рөлі» атты тақырыпта кездесу өтті. Қатысқандар саны - 100.

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастырған бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жұмысшылар арасында діни экстремизм мен радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті, қоғамдық тұтастықты және діни сауаттылықты арттыру болды.

Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – “Шапағат” қоғамдық қорының теолог маманы Думан Күмісбек және «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-ның маманы Исатай Ғизатов, Жылыой аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Арай Қанатқызы қатысып, тақырып аясында мазмұнды баяндамалар жасады.

Теолог Думан Күмісбек өз сөзінде діннің қоғамдағы орны мен исламның бейбітшілік пен мейірімділікке негізделген қағидаттарын түсіндіріп, дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Арай Қанатқызы ұлттық құндылықтарды сақтау мен қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде әр азаматтың рөлі ерекше екенін баса айтты.

Ал Исатай Ғизатов деструктивті діни ұйымдардың жастарды тарту тәсілдері мен олардың сыртқы белгілері жайында нақты ақпарат беріп, жұмысшыларға күнделікті өмірде экстремизмнен сақтанудың жолдарын түсіндірді. Ол радикалды идеологияға қарсы күресте ұлттық сана, қоғамдық бірлік және діни сауаттылықтың біртұтас үштаған ретінде әрекет етуі қажет екенін ерекше атап өтті.

Материал Атырау облысының ТҚК мәліметі негізінде дайындалды

Еще новости региона