Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында: Карагандинская область, 09 Февраля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау және қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру болып табылады.

Бұл бағытта Агенттікпен  және аумақтық департаменттерімен былтырғы жылы жүзден астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Соның ішінде, Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушы Приозерск қаласының тұрғыны тұрғын үйді жекешелендіру қызметі бойынша бұзылған құқықтарын көрсете отырып шағым білдірді. Шағымды қарау барысында қызмет көрсетушімен мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының бұзылғандығы, яғни қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі келісім шарт уақытылы ұсынылмағандығы анықталды.

Департамент қызметкерлерінің араласуымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға қол жеткізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Басқа бір жағдай бойынша, қызмет алушы мүгедек баланы асыраушысы бола тұра, құжат рәсімдеуде заңмен қарастырылған жеңілдікті пайдалана алмаған.

Аталған факт бойынша Департамент қызметкерлері тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық жүйенің жетілдірілмегендігінен қызмет алушыдан мемлекеттік баж төлеу міндеттелгендігі анықталды. Бұл бойынша Департаментпен орталық мемлекеттік мекемелерге тиісті хаттар жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Яғни, қызмет алушы заңнамада көзделген жеңілдікпен құжат рәсімдеуге қол жеткізді.

Жоғарыда аталған ақпараттық жүйедегі кемшілік республика көлемінде орын алып отырғандықтан, Департаментпен уәкілетті мемлекеттік мекемелерге ақпараттық жүйені жетілдіру қажеттілігі туралы хаттар жолданды.

Егерде мемлекеттік қызмет алу кезінде осыған ұқсас құқықтарыңыз бұзылған болса Сіз де мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгіну арқылы өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының басшысыА. Абдикаримовтың мақаласы

Источник: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона