Ұялы байланыс пен мобильді интернет бойынша

«Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап Ұлытау облысының аумағында ұялы байланыс желісін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар шеңберінде базалық станциялардың қолданыстағы Nokia жабдықтарын Huawei жабдықтарына кезең-кезеңімен ауыстыру (SWAP) көзделген.

Жабдықтарды бөлшектеу және жаңаларын орнату барысында базалық станциялардың жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ажырату ұзақтығы станциялардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылуы ықтимал.

Жаңғырту жұмыстары байланыс желісіндегі үзілістерді барынша азайту мақсатында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жұмыстардың жалпы ұзақтығы 1,5–2 айды құрайды.

Оператордың мәліметінше, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ұялы байланыс сапасы мен мобильді интернет жылдамдығының айтарлықтай жақсаруы күтіледі.

Осыған байланысты, жаңғырту жұмыстары кезеңінде ұялы байланыс пен мобильді интернет қызметтерінде уақытша үзілістер мен сапаның төмендеуі мүмкін екенін ескере отырып, аталған ақпаратты қала және аудан тұрғындарына жергілікті ақпараттық ресурстар мен ресми әлеуметтік желілер арқылы алдын ала жеткізуді сұраймыз.

Өз кезегінде, Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы байланыс сапасын жақсарту және туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында байланыс операторымен өзара іс-қимылды жалғастырады.

«Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұсынған ақпарат



Источник: ГУ «Аппарат акима города Жезказган»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Еще новости региона