Заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу мәселесі талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады.Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды.«Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз.Баршамызға белгілі, «Казстройподряд» – халықаралық деңгейде танылған, күрделі құрылыс жобаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан бірегей компания. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз Қызылорда қаласында заманауи сауда-ойын-сауық кешенін салуға мүмкіндік береді деп сенеміз.Облыс әкімдігі жер телімі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен келісу рәсімдеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді аймақ басшысы.А.Хикмет өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, қолдау үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, «Казстройподряд» ЖШС – 2005 жылы құрылған отандық құрылыс компаниясы. Негізгі қызметі – заманауи құрылыс индустриясын дамыту, жоғары сапалы әрі сенімді стандарттарды қалыптастыру. Компания осы уақытқа дейін сауда-ойын-сауық орталықтарын, кеңсе ғимараттарын, заманауи тұрғын үй кешендерін, қонақ үйлерді, білім беру ұйымдарын, спорт кешендерін және болат конструкциялардан тұратын түрлі нысандарды салған.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








