Өзекті мәселелерге тиісті шешімдер қабылданды
23-қарашада Қызылорда облысы әкімі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шараға комиссия құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, әкімдіктің басқарма басшылары, өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Отырыс барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру үшін нақты шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия жұмысының нәтижелері, 2024 жылға қойылған міндеттер талқыланды.
Бұдан бөлек, жастарды терроризм мен экстремизмге тарту проблемалары, оларды шешу жолдары қарастырылды
Кездесу соңында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданып, өңірдегі діни ахуалды сауықтыруға бағытталған тиісті шараларды қабылдауды ықпал етілді.
Материал Қызылорда облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
____________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -