Жайдарман финалы – жарқын әзіл мен жастар энергиясының мерекесі: Западно-Казахстанская область, 16 Декабря 2025 года - новости на сайте gurk.kz

Жайдарман финалы – жарқын әзіл мен жастар энергиясының мерекесі

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» жастар қанатының БҚО филиалы ұйымдастырған Жайдарман ойындарының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті. Бұл кеш күлкі мен тапқырлыққа, сахналық мәдениет пен жастардың шығармашылық әлеуетіне толы болды.

Финалдық додада облыстың әр түкпірінен жиналған үздік командалар өзара бақ сынасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Әр команда өзіне тән стилі мен өткір әзілдері арқылы ерекшеленіп, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болуға тырысты.

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде ерекше өнерімен, шынайы әзілдерімен және сахнадағы сенімді ойынымен көзге түскен Тасқала ауданының “Жұдырық” командасы жеңіс тұғырынан көрініп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, Ақжайық ауданының “Тайпақ” құрамасы екінші орынды иеленсе, “Казталов” және “Қаратөбе” құрамалары үшінші орынды қанағат тұтты.

Жайдарман – бұл жай ғана ойын емес, ол жастардың ой еркіндігін, тапқырлығын, командалық рухын және сахналық мәдениетін дамытатын бірегей алаң. Осындай жобалар арқылы жастардың шығармашылық әлеуеті артып, қоғамдағы белсенділігі нығая түсетіні сөзсіз.

Источник: ГУ «Аппарат акима Западно-Казахстанской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» жастар қанатының БҚО филиалы ұйымдастырған Жайдарман ойындарының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті. Бұл кеш күлкі мен тапқырлыққа, сахналық мәдениет пен жастардың шығармашылық әлеуетіне толы болды.

Финалдық додада облыстың әр түкпірінен жиналған үздік командалар өзара бақ сынасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Әр команда өзіне тән стилі мен өткір әзілдері арқылы ерекшеленіп, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болуға тырысты.

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде ерекше өнерімен, шынайы әзілдерімен және сахнадағы сенімді ойынымен көзге түскен Тасқала ауданының “Жұдырық” командасы жеңіс тұғырынан көрініп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, Ақжайық ауданының “Тайпақ” құрамасы екінші орынды иеленсе, “Казталов” және “Қаратөбе” құрамалары үшінші орынды қанағат тұтты.

Жайдарман – бұл жай ғана ойын емес, ол жастардың ой еркіндігін, тапқырлығын, командалық рухын және сахналық мәдениетін дамытатын бірегей алаң. Осындай жобалар арқылы жастардың шығармашылық әлеуеті артып, қоғамдағы белсенділігі нығая түсетіні сөзсіз.

Еще новости региона