Жаныңда жүр жақсы адам: Город Астана, 08 Ноября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жастарға үлгі болу мақсатында жүргізілетін «Жаныңда жүр жақсы адам»  айдары аясындағы кезекті қонағымыз  мемлекеттік қызметте адал да абыройлы еңбек етіп жүрген әріптесіміз Министрліктің Инновацияларды дамыту департаментінің Даму институттарымен жұмысын басқару  басқармасының басшысы Анаркүл Төлеутайқызы Оспановамен жүргізілген сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Құрметті Анаркүл Төлеутайқызы сіздің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліңіз 20 жылға жуық. Тәжірибелі қызметкер ретінде айтсаңыз: мемлекеттік қызметшінің кәсіби және тұлғалық болмысы қандай болу керек деп ойлайсыз?

Мемлекеттік қызметші ар-намыс кодексі талаптарын сақтауынан бұрын, өз отбасында әдепті, білімі мен дарынын, белсенділігін, өзін ұстауы мен сабырлықты орнымен пайдалана білетін тәрбие алуы қажет.

Абай атамыз айтқандай «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсақ» үйренуге талабы зор, жаңашыл ойлайтын мемлекеттік қызметке келген азаматқа шынайы тәлімгерлік көрсетіп, қолдасақ ол жан-жақты кәсіби маман болатынын сенемін. Мұнда ең үлкен әсер етуші фактор, ол мемлекеттік қызметшіні сала бойынша мамандықпен іріктеу. Қызметші атқарып отырған жұмысының технологиясын жетік білмесе, салалық шешім де дұрыс қабылданбауы ықтимал.

Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы – ол өз басының әдептілігі, қызметінде іскерлігімен қоса, бәсекеге қабілетті, білімі мен ғылымын инновациялық экономикасы дамыған мемлекеттердің халықаралық практикасымен салыстыра отырып, қызметті басқару, ұйымдастыру және стратегиялық жоспарлауда нақты шешім қабылдаушы тұлға болуы керек деп ойлаймын.

Өзіңіз  қызмет етіп отырған сала туралы айтсаңыз. Оны ілгерілетуде қандай бастамалар қолға алынуда, салаға қатысты қандай өзгеріс, жаңашылдық бар?

Біздің сала Ұлттық даму институттарын тарта отырып, реттелетiн салалардағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті заңды тұлғалардың тізбесін  жасау, инновациялық гранттар беру, даму институттары қызметіне ақы төлеу қағидаларын өңдеп, бекіту, қаражат бөлу және үкіметаралық келісімге сәйкес стратегиялық жоспары мен жылдық жұмыс қорытындысына қатысты нормативтік-құқықтарға,  мемлекетаралық келісімдер мен қағидаларға өзгерістер енгізіп, ұлттық, мемлекетаралық стандарттар, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары жобалары қарап, ұсыныстар әзірлеу және халықаралық ынтымақтастық, бірлескен үкіметаралық комиссиялар мен кеңестерді ұйымдастырумен айналысады.

Сондай-ақ Тech Garden интернет-алаңдарында халықаралық көрме «Mining & Metais Central Asia»,  кәсіпорындарда өнеркәсіптік тур, Digital Bridge 2023, Қазақстанда алғашқы акселерациялық бағдарлама «Aссeleration 4.0» (Digital marketing) орындалды.

«Иннопром»-2023 (Екатеринбург қ.) XIII Халықаралық өнеркәсіп көрмесінде  цифрлық өндіріс, металл өңдеу, өнеркәсіп саласында Ресей, Белорус, Қырғызстан Республикаларымен бірлескен жобалар талқыланып, 25-27 қыркүйекте «INNOPROM ASTANA 2023» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өткізілді.

Алдағы уақытта Тech Garden интернет-алаңдарында өнеркәсіптік кәсіпорындарға шешім енгізген АT компаниялармен танысуды ұйымдастыру, «Digital Almaty 2024» ұйымдастыру және  жер қойнауын пайдаланушылардың өнім өндіру саласын цифрландыру мәселесі тұр.

Өзіңіз туралы айтсаңыз, қай жердің тумасысыз, еңбек жолыңызды қашан бастадыңыз, сіздің қатысуыңызбен мемлекеттік қандай маңызды жобалар іске асты?

Туған жерім Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар станциясы. 1988 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтының «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша «инженер-құрылысшы» біліктілігімен аяқтап, жас мамандар жолдамасымен еңбек жолымды «Қайрақтытяжстрой» тресінде материалдарды жинақтау және өткізу тобының инженері, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі бастығы болып бастадым. Мұндай жауапкершілігі зор, ауыр индустрия саласына қабылдануыма студент кезімде 001 «Жерасты жарықшақтары» ғылыми тақырыбы бойынша  жүргізген жұмысымның  септігі тиді деп ойлаймын.  Диссертациялық жұмысты жазуды жалғастыру кезінде  тау-кен өнеркәсібінің «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша «инженер-экономист» біліктілігін меңгердім.

Экономика ғылымдарының кандидатымын, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесімін, Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласындағы ТОП-150 сарапшысымын.

Әр жылдары «Қазақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі, Өңірлік шаруашылық министрлігінің Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесі, «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып, 6М090300 «Жерге орналастыру» магистратура мамандығы бойынша Мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы жұмысын атқардым.

Мемлекеттік тілде «Ұйымдастыру және өндірісті жоспарлау», «Тау-кен өндірісі кәсіпорнында көліктік шығыстарды төмендету жолдары» және «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк даму факторлары ретiнде адами капиталдың сапасы» атты кітаптарым шығып, ғылыми-әдістемеліктер мен  зерттелген тақырыптар бойынша мақалаларым жарияланды.

Сұрағыңызға байланысты, аталған салаларға қатысты бірқатар мемлекеттік  маңызды жобаларды іске асырдым, соның ішінді:

- Қазақстан Республикасында  құрылыстың  нормативтік базасын реформалау (Нормативтік база) жұмыстарын ұйымдастыру;

- Нормативтік база нәтижесі «Құрылыс инженерлерін» дайындайтын жоғары оқу орындарының типтік бағдарламаларын енгізу;

- Жер сілкінісіне төзімділікті арттыру шеңберінде Қазақстан мен Жапония ғалымдарының (Токио) бірлескен ғылыми-техникалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі ретінде қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің ғылыми-техникалық бағдарламаларын қорғау;

- «Болашақ» бағдарламасы тізбесіне Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласы мамандықтарын қосу және Аль-Фараби Қазақ ұлттық университетінің химия-техникалық факультетінің «Химиялық физика және материалтану» кафедрасында «Қатты зымыран отындары мен қозғалтқыштары» бағытында магистранттар мен докторанттар  даярлау бойынша мамандыруды ашуды ұйымдастыру;

- 2020 жылдан бастап Қазақстанда ғылымның бірыңғай ақпараттық жүйесін құру туралы жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша экономиканың басым салаларында орта көкжиекте   5 жылдан 15 жылға дейін жұмыс берушілер талап ететін болашақ мамандықтарды анықтауға бағытталған "жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы" ұлттық жобасын іске асыруға ат салыстым.

Барлық саналы өміріңізді халыққа қызмет етуге арнаған екенсіз, еңбегіңіздің еленгеніне күмәнім жоқ.

Әрине,  еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан сүбелі үлесім мен адал, мінсіз қызметім үшін «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Индустрия және сауда, Ұлттық, Өңірлік даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің   құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталдым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел, Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген республикалық байқауда «Қазақстан Республикасының Жылдың үздік маманы - 2022» төсбелгісімен марапатталып, «Қазақстан Республикасының Жылдың үздік маманы» энциклопедиясына енгізілдім.

Осы жетістіктерге жетуіме қолдау көрсеткен жанұяма және өмір мектебінде тәжірибесімен бөліскен ұстаз-әріптестеріме алғысым шексіз.

Анаркүл Төлеутайқызы жұмыстан тыс уақытта жақсы көретін ісіңіз (хобби) қандай?

Жұмыстан тыс уақытта домбыра аспабында, шахмат, волейбол ойнағанды және киім үлгісін ойластырғанды ұнатамын.

Анаркүл Төлеутайқызы, сұқбатыңызға көп рақмет. Сізге мықты денсаулық, еңбегіңізге толағай табыс және жанұяңызға амандық тілеймін.

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Источник: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона