Жаныңда жүр жақсы адам: Город Астана, 06 Марта 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

8-наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделін» қоғам арасында кеңінен насихаттау және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер бейнесін ұжым алдында көтермелеу, жастарға үлгі болу мақсатында «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарының кезекті қонағы – мемлекеттік қызметте адал да абыройлы еңбек етіп жүрген әріптесіміз Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құжат айналымы және бақылау департаменті Тіл саясаты басқармасының басшысы Гүлмира Шаяхметқызы Есалова.

Мерейлі мерекенің қарсаңында өзіңізбен тәжірибелі маман, аяулы ана, сүйікті жар, жалпы қазақтың қарапайым қызы ретінде еркін форматта сұхбат жүргізсем деп едім. Ең алдымен, сіздің балалақ шағыңызға саяхат жасасақ... Қай өңірдің тумасысыз? Отбасыңыз жайлы айтсаңыз. Кішкентай кезіңізде қай мамандықтың иесі болуды армандап едіңіз?

Өмірдің әр күні, әр сағаты тарих десек, келмеске кеткен қуанышқа толы бақытты балалық кезіме оралатын болсам, Қостанай облысының Қабырға ауылында дүниеге келдім. Өзімнен кейін үш сіңілім мен інім бар. Атам мен әжем, ата-анам біздің білімді, өнерлі, жан-жақты азамат болып қалыптасуымызға барлық жағдайды жасады. Қазіргі уақытта бауырларымның өз жанұялары бар. Бәрі де Астана қаласында тұрады.

Негізі, мамандық таңдау бала кезден қалыптасатын сияқты. 4-5 жасар кезімде көршілердің, туған-туыстардың балаларын жинап алып, әжемнің қоңыр шифонерін шимайлап, сабақ үйретеді екенмін. Немеренің тұңғышы болған соң ба, атам мен әжем бетімнен қақпаса керек. Осынау бала күнгі арман-қиялым мені алысқа жетелеп, ұстаздық мамандықты таңдауыма бірден-бір себеп болды. Жоғары оқу орнын үздік бітіріп, 12 жыл мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Мен ұстаздық еткен жылдары қаншама шәкірт өзінің ана тілінің қыр-сырын меңгерді, оза шапқандары қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Менің жолымды қуып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандары да бар.

Жалпы, мамандық таңдаудан қателеспеген адаммын. Сонау тоқсаныншы жылдардың басындағы тоқырау көп отбасына кері әсерін берді, кей әріптестерім сол жылдары мектепті тастап, саудамен айналысып кетті. Мектепте қалған мұғалімдер 9 ай жалақы алмай, жұмыс істедік. Сол кезде мамандығын қатты жақсы көретін көп жандарды көрдім. Небір қиын күндер әлі есімде... Содан бері қаншама жыл өтті ғой. Өзімнің мемлекеттік тілді дамыту саласында қызмет етіп жүргеніме биыл тамыз айында 30 жыл толады екен. Қазақ тілінің қарыштап дамуына тамшыдай болса да адал еңбегімді, маңдай терімді төксем – бұл менің мемлекетімнің, халқымның алдындағы перзенттік борышым, ана тіліме деген зор құрметім деп білемін!

Мемлекеттік қызметте айтарлықтай еңбек өтілі бар, тәжірибелі маман, өз ісінің білгірі ретінде мемлекеттік қызметтегі тіл мәселесі туралы ойыңызды айтсаңыз.

Мемлекеттік қызметтегі тіл саясатын сөз еткенде, Қытайдың атақты философы Конфуцийдің мына сөзін ойыма жиі есіме аламын. Ол: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды», – деген екен.

Олай болса, еліміздің ертеңі мен болашағы – тіл мәселесімен тікелей байланысты. Мемлекеттік тіліміз болып табылатын қазақ тілі – біздің рухани байлығымыз, ұлттық кодымыз, қазақ халқының жарқын болашағы. Ендеше, тіл мәселесі – мәңгілік өшпейтін, өлмейтін, өзектілігін жоғалтпайтын тақырып болып қала бермек.

Тәуелсіздік алған 33 жылға жуық уақытта елімізде айтарлықтай ауқымды іс-шаралар атқарылғанын білесіздер. Былтыр мемлекеттік деңгейде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Бүгінгі күнге дейін де бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын. Осы іс-шаралардың шеңберінде қыруар қаражат бөлініп, мемлекеттік тілдің қанат жайып дамуына барлық жағдай жасалуда. Біздің Министрлікте де әр жыл сайын қызметкерлердің қазақ тілін білу деңгейін анықтау үшін диагностикалық тестілеу жүргізіліп отырады. Тестілеу нәтижесі бойынша қазақ тілі курстары, оқыту семинарлары, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Дегенмен, қазақ тілін толық меңгеру, әрі оның дамуына үлес қосу – елімізде тұратын әрбір жанның азаматтық парызы деп ойлаймын.

Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік қызметші қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Мемлекеттік қызмет – жауапкершілігі мол жұмыс. Грек данасы Сократ «Мықты мемлекеттің тірегі – сапалы мемлекеттік қызметкерлер» – деп түйіндеген. Еліміздің өркендеуі мен мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын жастар. Сондықтан олардың бойында өз ісіне деген адалдық пен терең білім болуы тиіс, әрі олар адами және кәсіби қасиеттермен қарулануы қажет.

Содан соң «Мақсатыма жеттім, болдым, толдым» – деген адамда даму болмады. Адам ылғи да мақсатпен өмір сүруі керек. «Бірінші мына межеге жетсем, сосын мына биікті бағындырсам» – деген ой ғана адамды алдыға жетелейді, өмірге деген құштарлығын оятады.

Дәл қазіргі уақытта білімі мен біліктілігі жоғары, өзіндік пікір-пайымы бар жан сұранысқа ие. Сонымен қатар, ата-анасының берген тәлім-тәрбиесінен нәтиже шығарып, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік таныта білетін еңбекқор жан, өз қарапайымдылығымен, адами қасиеттерімен танылған тұлға бүгінде көпке үлгі болары анық.

Қай тұлғаны үлгі тұтасыз? Идеалыңыз кім?

Мен үшін идеал адам – менің анам. Бізді өмірге әкелуі өз алдына, әкемізден ерте айырылған шақта да өмірдің қиындығына мойымағанына басымды иемін. Балаларының жоғары білім алуына мүмкіндік жасап, жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырған керемет жан. Анамның көркем мінезі мен даналығын, ақылдылығы мен табандылығын өзіме үлгі етемін. Сол кісінің разылығы, батасы мені үнемі қанаттандырып отырады.

Отбасыңыз бен қызметті қатар алып жүрудің маңызы неде? Артыңыздан еріп келе жатқан сіңілдеріңізге қандай кеңес бересіз?

«Отбасы – шағын мемлекет» демекші, оның да өзінің ішкі-сыртқы саясаты болады. Мамандық пен өмірлік жар таңдауда қателеспеген жөн. Осы екеуінің біреуінен қателессең, өмірің ақсайды.

Жолдасым екеуміз балаларымыздың өзімізге ғана емес, өзгелерге де пайдасы тиер, саналы, парасатты азаматтар болып өсуіне көңіл бөлеміз. Ұрпақ тәрбиесіне берік болу – басты қағидамыз. Салт-дәстүрімізден ажырамай, білім алуға құштар, үнемі ізденісте жүретін, мейірім мен қамқорлыққа бөленген балалардан жамандық шықпасы анық. Арқа сүйер азаматым мені әрқашан қолдап отырады. Отбасында сыйластық бар жерде әлі талай белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Артымнан ерген сіңілдеріме айтарым, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін өмірде алтын уақытын жұмысқа арнап, атақ пен мансап қуып жүргенде, жанұя құратын әдемі уақытын босқа өткізіп алмаса екен деймін. Мейлінше, отбасы мен қызметті қатар алып жүргендері дұрыс.

Шұғылалы көктемнің айтулы мерекесінде ұжымдағы асыл жандарға шынайы көңілден шыққан игі тілектеріңізді білдірсеңіз

8-наурыз – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ қызы қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен де дараланған. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, баянды бақыт, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!

Гүлмира Шаяхметқызы алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет!

Сізді де жүрекке жылулық сыйлайтын осы бір әдемі мерекемен құттықтаймын!  Сізге мықты денсаулық, еңбегіңізге толағай табыс және жанұяңызға амандық тілеймін!

Сұхбаттасқан:

Жансая Қаршығақызы Молдағалиева

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Источник: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона