ЖАС СПОРТШЫЛАР АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан қаласында теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Түркістан Облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебі» КММ мекеме қызметкерлері мен спортшыларына «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Қ.Мырзабай қатысты.
Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған.
Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Аталған шара діни сауаттылықты арттыруға және түрлі діни ұйымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға, жекелей ақпарат алу кезінде талдауды үйретуге бағытталды.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, өткізілген шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салды және дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауап берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -










