Жастар және терроризм: қауіп қайдан туындайды?
Түркістан облысы Отырар ауданында аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшелерінің қатысуымен 3 жалпы білім беретін мектептің «М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп», «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі және «Ергөбек» негізгі орта мектебінде қызметкерлер мен білім алушыларға экстремизм мен терроризмге қарсы «Жастар және терроризм: қауіп қайдан туындайды?» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу, экстремизм мен терроризм саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады.
Кездесу барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсерлері, әлеуметтік желілердегі теріс контенттерден сақтану жолдары түсіндірілді.
Шараға қатысқан аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшесі Қ.Салықбаев «Бүгінде қоғамда экстремизм мен терроризм виртуалды түрде таралып жатыр, ал оқушылар ең осал аудитория. Сондықтан, біз сіздерді ақпаратты талдай алатын, сауатты азамат етіп тәрбиелеуге атсалысуымыз керек», - деп атап өтті.
Сонымен қатар, ол мектеп жасындағы балалардың радикалды топтардың ықпалына түсіп қалу қаупін ескертіп, ата-аналар мен мұғалімдерді оқушылардың мінез құлқына ерекше назар аударуға шақырды.
Шара қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылыпы, жауаптарын алды.
Іс-шараға барлығы 300-ге жуық оқушылар мен мұғалімдер қатыстырылды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -















