Жат ағым – жалған ақпарат
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жедел-жәрдем станциясының» медицина мамандарына "Жат ағым – жалған жарнама" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.Кездесуде 25 адам қамтылды.Кездесуді Алматы қаласы дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы жүргізіп, қатысушыларға радикалды діни ағымдардың белгілері, олардың медицина саласына ықпал ету тетіктері және зайырлы қоғамдағы рухани қауіпсіздіктің маңызы туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.Кездесу барысында қаралған негізгі тақырыптар:⦁ Радикалды ағымдардың кәсіби ортаға таралу тәсілдері;⦁ Қызмет барысында діни бейтараптықты сақтау қағидалары.Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар алды. Шараның мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің діни танымын арттыру және радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







