ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ: Город Астана, 17 Сентября 2025 года - новости на сайте gurk.kz

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «LEX QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен №15 ерлер түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында алғаш рет “LEX QUIZ” интеллектуалды сайысы өткізілді.  Іс-шараның басты мақсаты – діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу, еліміздің конституциялық құндылықтарын насихаттау, діни төзімділік пен конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін қарастыру, патриоттық рухты көтеру. Сайысқа 60-қа жуық адамнан құралған 10 топ қатысып, бақ сынасты. Интеллектуалды ойынның ашылуында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев алғы сөзін айтып, «Жәрдем-Атырау» КҚ директоры Артур Айтмағамбетов және қор директорының орынбасары Мейірбек Құбышев қатысушыларға сәттілік тілей отырып, куиз мақсатын, өту барысын түсіндіріп өтті.  5 кезеңнен құралған ойын барысында қатысушылар тарих пен әдебиет, мәдениет пен дәстүр, тағылымды тұлғалар сияқты тақырыптар қамтылған сұрақтарға, аудио, бейне тапсырмаларға жауап берді. Білім додасында топ жарып, ең үздік нәтиже көрсеткен «Абай» тобы бірінші орынды иеленіп, микротолқынды пеш пен термопот шәйнекті жеңіп алды. Екінші орында ой ұшқырлығымен көзге түскен «Алаш» тобы шаш қиюға арналған машинка мен электрлі шәйнекке ие болды. Үшінші орын жүлдегерлері «Махамбет» тобына электрлі шәйнек сыйланды. Ойында үздік деп танылған үш топ арнайы кубок, дипломдармен марапатталды. Ал «Тәуекел», «Парасат», «Қыран» тобының мүшелері 4,5,6-орындарды еншілеп, алғысхаттар мен қабырға сағаттарына ие болды.  Осындай мәнді де мазмұнды интеллектуалды ойындар біліктілік пен зерделілікті ғана емес, ұжымдық бірлесу мен логикалық ойлауды арттырып, оң әсер қалдыратынына сеніміміз мол.     Материал Атырау облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

 



Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен №15 ерлер түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында алғаш рет “LEX QUIZ” интеллектуалды сайысы өткізілді.  Іс-шараның басты мақсаты – діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу, еліміздің конституциялық құндылықтарын насихаттау, діни төзімділік пен конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін қарастыру, патриоттық рухты көтеру. Сайысқа 60-қа жуық адамнан құралған 10 топ қатысып, бақ сынасты. Интеллектуалды ойынның ашылуында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев алғы сөзін айтып, «Жәрдем-Атырау» КҚ директоры Артур Айтмағамбетов және қор директорының орынбасары Мейірбек Құбышев қатысушыларға сәттілік тілей отырып, куиз мақсатын, өту барысын түсіндіріп өтті.  5 кезеңнен құралған ойын барысында қатысушылар тарих пен әдебиет, мәдениет пен дәстүр, тағылымды тұлғалар сияқты тақырыптар қамтылған сұрақтарға, аудио, бейне тапсырмаларға жауап берді. Білім додасында топ жарып, ең үздік нәтиже көрсеткен «Абай» тобы бірінші орынды иеленіп, микротолқынды пеш пен термопот шәйнекті жеңіп алды. Екінші орында ой ұшқырлығымен көзге түскен «Алаш» тобы шаш қиюға арналған машинка мен электрлі шәйнекке ие болды. Үшінші орын жүлдегерлері «Махамбет» тобына электрлі шәйнек сыйланды. Ойында үздік деп танылған үш топ арнайы кубок, дипломдармен марапатталды. Ал «Тәуекел», «Парасат», «Қыран» тобының мүшелері 4,5,6-орындарды еншілеп, алғысхаттар мен қабырға сағаттарына ие болды.  Осындай мәнді де мазмұнды интеллектуалды ойындар біліктілік пен зерделілікті ғана емес, ұжымдық бірлесу мен логикалық ойлауды арттырып, оң әсер қалдыратынына сеніміміз мол.     <b>Материал Атырау облысы </b> <b>ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды</b> <p> </p>

Еще новости региона