Жеңімпаз жас каратешілерге құрмет көрсетілді: Область Жетісу, 25 Декабря 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Жеңімпаз жас каратешілерге құрмет көрсетілді

Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев киокушинкай-кан каратеден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, жүлделі орындарды иеленген жас спортшыларды қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жуырда Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер әлем біріншілігінде бақ сынасқан болатын. Әлемнің 33 мемлекетінен 700-ге жуық каратеші қатысқан сол байрақты бәсекеде қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте 1-орынды еншілеп, ел қоржынына 115 жүлде салған еді. Бұл жеңісте жетісулықтардың да қосқан үлесі бар. Облыстан қатысқан 13 спортшының сапынан І орынды еншілеген Карина Забалич, ІІ орын алған Арман Маратов пен ІІІ орын иегері Виктория Линникова бүгін облыс әкімі орынбасарының қабылдауына келді.

– Жас спортшыларымыз жарады. Облысымыздың атын шығарып, әлден-ақ мақтанышымызға айналып отыр. Алдағы аламанда да мықтылығын танытып, жүлделер еншілейді деп сенеміз. Бұл жолғы жеңістеріңізді де облыс басшысы елеусіз қалдырмай, Жетісу халқының атынан алғаусыз алғысын білдіруде. Жемісті, жеңісті күндеріміз көп болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы.

Жеңімпаздардың жаттықтырушылар Феруз Шегебаев пен Әлішер Ахметжан да тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне риза. Феруз Шегебаев аз уақытта мұндай жетістікке жетуде жергілікті атқарушы органның қамқорлығының үлкен әсері болғанын атап өтті. Оның үстіне балалардың да ұғымтал қарым-қабілеті бұл спорттың қыр-сырын меңгеруде өз әсерін тигізген.

– Спортшылардың алдында үлкен додалар күтіп тұр. Алдымен келер жылы өтетін Азия біріншілігінде жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз. Бастысы, шәкірттеріміз сенім үдесінен шығады деп білемін. Қазір жаттығуды күшейтіп жатырмыз. Жетісудың, Қазақстанның атын шығарар дарабоздарымыз көбейе берсін, – деді Феруз Шегебаев.

Жас әрі жеңімпаз спортшы Арман Маратов та қолдау білдірген аға буынға алғысын айтып, алдағы уақытта жарқын жеңістерге жетіп, жетісулықтардың мерейін өсіретініне сендірді.

Еске салсақ, жас спортшылар Карина Забелич 15 жаста,

Арман Маратов 12 жаста,

Виктория Линникова 16 жаста. Жасөспірімдердің үшеуі де к

иокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер,

спорттың осы түрінен  ҚР құрама командасының мүшесі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона