Жетысу лидирует по темпам роста экономики: Область Жетісу, 31 Января 2024 года - новости на сайте gurk.kz

Жетысу лидирует по темпам роста экономики

Жетісу облысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінде өсім байқалды. Эономиканың өсу қарқыны 117,4% құрады, ал былтыр 104% болған. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштің бірі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен өткен өңірдің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2024 жылға арналған міндеттер туралы мәселе қаралған әкімдіктің кеңейтілген отырысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік отырысына облыстық құқық қорғау органдарының, басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыс әкімі аппаратының бөлім басшылары, жергілікті мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сайлау комиссияларының төрағалары, сол сияқты селекторлық режимде аудан-қала әкімдері мен әкімдік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Жиынның негізгі баяндамасын жасаған облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқыны 117,4 пайызды құрап, республикадағы ең жоғары көрсеткішке жеткенін айтты.

Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығында өсім – 1,8%-ды (508,4 млрд. тг), өнеркәсіпте – 4,4%-ды (321 млрд. тг.), тұрғын үйді пайдалануға беру – 11,0%-ды құрады (327,6 мың ш.м.), құрылыс жұмыстарының (243,4 млрд. тг.) және сауда көлемі – 165,6% (672,2 млрд. тг.), көлік қызметтері – 3,5%-ға ұлғайды (168,3 млрд. тг.).

- Облыс экономикасына 15,4 пайыз өсіммен 350,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар 225,4 млрд. теңге. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 293 млрд. теңгені құрады, республикалық бюджетке 217 млрд. теңге түсті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп, жергілікті бюджетке түсімдер 22% өсіп, 76 млрд. теңгені құрады, - деп Ә. Қанағатов аудан-қалалар бөлінісінде әрбір салаға жеке-жеке тоқталды.

Баяндамашы 2024 жылға арналған жоспарларға тоқтала келе, өнеркәсіпті дамыту бағытына назар аударып, жаңа өңдеу кәсіпорындарын, тауарлы сүт фермаларын, жылыжайларды ашуға инвесторлар тарту жұмысын жандандырып, қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, балық шаруашылығын ұйымдастыру шараларын қабылдау қажеттігін баса айтты. Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға да жан-жақты тоқталды.

Атап айтқанда, өткен жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 33,9 млрд теңге бөлінген, оның 27,4 млрд теңгесі субсидияға берілді. Соның н

әтижесінде

мемлекеттік қолдаумен 21 мыңға жуық агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері қамтылды.

Мал шаруашылығында да ілгерілеушілік бар. Мәселен, мал басы 2,5 млн.-ға жетіп, соған сәйкес ет пен сүн өндірісінің көлемі де артты. «Ірі жобалар» шеңберінде 2023 жылы облысқа 2 млрд. теңге бөлініп, 800 басқа арналған 3 тауарлы сүт фермасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен Ә. Қанағатов

аудан-қала әкімдері тарапынан инвестиция тарту және жергілікті жерлерде инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтты. Олардың конкурстық рәсімдердің уақтылы өткізілуіне және жұмыстардың мерзімінде аяқталуына, әсіресе тұрғын үй құрылысы саласында бақылауды күшейтуі қажеттігін атап өтті.

Жер мәселесіне келсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 246,6 мың гектар жер айналымға қайтарылып, жоспар 112,1 пайызды құраған.

«Келесі мәселе - жұмыс орындарын құру. 2023 жылы 38,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, жоспар – 31 мың адам, оның ішінде 27,6 мыңы – тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Жоспар барлық аудандар мен қалаларда орындалды. Соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1%-дан 4,8%-ға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 32%-дан 28%-ға дейін азайды, - деді облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында.

Мұнан соң баяндамашы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, әлеуметтік дүкендер ашу, көкөніс және бақша өнімдерін сақтайтын заманауи қоймалар салу бағытында қабылданып жатқан шараларға тоқталып, білім, денсаулық сақтау салаларын дамыту мәселелерін де кеңінен сөз етті. Әсет Серікұлы өз сөзін қорытындылай келе, Президенттің 2022-2023 жылдардағы жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жайына тоқталды. Сол сияқты Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру және Кербұлақ өңірінде тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелері өзекті күйінде қалып отыр. «Осы кезеңде Жетісу мен Италияның Марке политехникалық университеті (Delle Marche) арасында Меморандум жасалды. Тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысына келетін болсақ, Су ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрліктеріне жобаны бекіту мерзімін 2024 жылдың сәуір айының соңына дейін ұзарту туралы ұсыныстар енгізілді», - деді А.Қанағатов.

Баяндаманы талқылау барысында Бейбіт Исабаев өз орынбасарынан жылу, су, энергетика, кәріз жүйелері желілерінің құрылысын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жобаларының барысын, сол сияқты «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында іске асырылатын «Қазақстан-Қытай өнеркәсіп қаласы» жобасының жай-күйі жайлы сұрап, аталған іргелі жобаларды, сонымен қатар басқа да инвестициялық маңызды  жобаларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Мұнан соң сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев өңірдегі аграрлық саланың аяқалысына, алдағы жоспарларына қысқаша тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы қант қызылшасының орташа шығымы 433 центнерден айналған. Бірақ Ақсу, Алакөл аудандарында аз өнімділік көрсеткен. Сонымен қатар МТС-тарды жаңарту мақсатында өткен жылы 11 млрд. теңгеге 650 бірлік техника сатып алынды, соған қарамастан Ескелді, Қаратал секілді бірқатар аудандардың техниканы жаңарту деңгейі облыстық көрсеткіштен төмен. Сондықтан сервистік-дайындау орталықтарын құру жұмысы биыл да жалғасады. Осы орайда облыс әкімі қант қызылшасының шығым төмен болған, ет өндірісінде жоспарды орындай алмаған аудандардың әкімдерін тыңдап, бұл олқылықтарды биылғы жылы болдырмауды, дер кезінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. «Өткен жыл ауыл шаруашылығы үшін жаман болған жоқ, көрсеткіштеріміз жақсы. Дегенмен жүгері өткізуде біраз қиындықтар болды. Биыл да қар аз, су тапшылығы болуы мүмкін. Содықтан биыл дәнді дақылдар егістігін қалай жоспарлайсыздар?», - деген облыс әкімінің сауалына басқарма басшысы биыл қант қызылшасы мен майлы дақылдардың және мал азығының көлемін көбейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар жиында облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов де өз саласындағы өзекті мәселелер мен олардың шешімі жайлы баяндады. Бұл ретте облыс басшысы Бейбіт Исабаев өңірде білім саласына бюджеттің ауқымды бөлігі бағытталып отырғанын, оның талан-таражға түсіп кетпей, мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сол сияқты кәсіптік колледждердің мамандықтарды заманға сай, өңірдің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. салаларындағы қажеттілікке, еңбек нарығының сұранысына қарай бейімеп оқытуы керектігін қадап айтты.

Сол сияқты құрылыс, абаттандыру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сияқты маңызды мәселелерге байланысты бірқатар аудан, қалалардың әкімдеріне жұмысты ширату керектігін қатаң ескертті.

- Жалпы өткен жылдың қорытындысы жақсы, дегенмен тоқмейілсіп отыруға болмайды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы өткен жылы тиісті деңгейде орындалды. Енді саннан сапаға өтіп, берілген көмектің шынайы нәтижесіне мониторинг жасау керек. Бүгінге дейін кәсіпкерлер бұл бағдарламаның басым бөлігін мал шаруашылығын дамыту үшін алды, ал алдағы уақытта бағдарламаның көмегімен ашылатын бизнестің басқа түрлерінің көлемін 20% дейін жеткізуіміз керек. Сол сияқты құрылыс саласында нысандардың уақытында, сапалы аяқталуына өзі тапсырыс беруші болған әрбір аудан-қала әкімі дербес жауапты екенін ескертемін. Сол сияқты биыл Текелі, Талдықорған қалалары мен Кербұлақ ауданындағы апатты үйлердің мәселесін толық шешіп бітіруіміз керек. Тапсырма – айқын, шешімдері тақыланды. Енді жұмысты бірлесіп жүргізу міндеті тұр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Баршаңыздың жұмыстарыңызға сәттілік, игі нәтиже тілеймін, - деген Бейбіт Исабаев өңірде төтенше жағдайдың алдын алу, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының тиімділігін арттыру шараларына да ерекше ден қоюды тапсырды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона