Журналистердің діни экстремизм саласындағы сауатын көтерудің маңызы қандай?
Алматыда дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған ақпараттық және оқыту семинары ағымдағы жылдың 18 тамызында өтті.Бұл семинарға қалалық және республикалық БАҚ өкілдері қатысып, білім көкжиегін кеңейтті.Сабақ барысында сарапшылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында қалам тербейтін журналистердің жіберетін қателіктерін тілге тиек еттті.БАҚ өкілдеріне арналған семинардың мақсаты - тілшілерге діни экстремизм мен терроризмнің не екенін түсіндіру. Журналистер дін саласының мамандары емес, сондықтан оларға бағыт-бағдар беру керек», - деді Алматы қаласы бойыншы ТҚО бөлімінің қызметкерлері.Мамандардың айтуынша, дін, радикалды экстремизм мен терроризм тақырыбында мақала жазу өте қиын. Себебі, бұл ұғымдардың астарында үлкен мән бар. Тіпті, қауіпті десек те болады. Сондықтан, қате жібермеуге тырысу керек. Әлеуметтік желіні, телеарнаны, сайттарды миллиондаған адам оқиды, көреді, тыңдайды. Журналистің білместіктен жіберген қатесі үлкен саяси дау тудыруы да мүмкін.«Кей журналистер ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей өз тарапынан түрлі мақалалар жазады. Сөйтіп, адамдарды шатастырады, өз мамандығына, яғни журналистикаға нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан БАҚ өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз», - ТҚО бөлімінің қызметкерлері атап кетті.Айта кететін жай, ақпараттық оқыту семинары 5 күнге созылады. Бұл шараға қатысқан БАҚ өкілдері мен блогерлерге 5 күндік оқыту курсы аяқталысымен арнайы сертификат беріледі. Берілген сертификат экстремизм мен терроризмді алдын алу тақырыбында қалам тербеп жүрген журналистердің бұл тақырыпта қате жібермеуіне үлкен үлес қосады деп сенім артуда ұйымдастырушылар.
Материал Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК
ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -







