ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жылыой ауданы Пробация мекемесінде есепте тұрған азаматтармен «Дін мен зайырлылықтың өзара байланысы» атты кездесу өтті. Іс-шараны Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Қатысушылар саны - 45.
Кездесуге АТТ мүшелері - «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Артур Айтмағамбетов, директордың орынбасары Мейірбек Құбышев және “Шапағат” ҚҚ-ның теолог маманы Думан Күмісбек, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-ның маманы Исатай Ғизатов, Жылыой аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Арай Қанатқызы қатысты.
Спикерлер діннің қоғамдағы орны, зайырлы мемлекет принциптері және осы екі ұғымның үйлесімді қатынасы туралы кеңінен әңгімеледі.
Мейірбек Құбышев өз сөзінде діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтіп, жастардың радикалды идеологиядан аулақ болуына ықпал ететін түсіндіру жұмыстарының маңызына тоқталды. Теолог Думан Күмісбек дәстүрлі ислам құндылықтары мен зайырлылық қағидаттарының қайшылықта емес, қайта бірін-бірі толықтырып тұратынын тілге тиек етті. Ал Исатай Ғизатов радикалды ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, қатысушыларға пайдалы ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандар ақпараттық материалдар таратты.
Материал Атырау облысының ТҚК мәліметі негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -