25 қазан - Республика күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – ел тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды. Бұл мереке - еліміздің тарихында ерекше орын алатын, әрбір қазақстандықтың жүрегін қуанышқа бөлейтін күн. Осы айтулы күнде Сіздерге Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Егемен Қазақстанның болашағы жарқын болсын! Ізгі ниетпен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малахов
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -