28 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРМАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
28 қыркүйекте бүкіл әлемде Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы күні медицина мамандары дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге әкелетін аса қауіпті инфекциялық аурулардың бірі – құтырманың алдын алудың маңыздылығын еске салады.
Құтырма – адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті инфекциялық ауру. Оған сүтқоректілердің барлық түрі шалдығуы мүмкін. Адам ауру жұқтырған жануар тістеген, сілекейі тиген немесе оның бөлінділері зақымдалған теріге не шырышты қабықтарға түскен жағдайда инфекция жұқтыруы мүмкін.
Негізгі қауіп төндіретіндер – жабайы, қаңғыбас және үйде ұсталатын жыртқыш жануарлар, сондай-ақ жарқанаттар.
Аурудың алғашқы белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, мазасыздық, ұйқысыздық, қорқыныш сезімі, сондай-ақ тістелген жерде ауырсыну немесе жайсыздық сезімі жатады. Ауру асқынған сайын жарыққа, шуға және ауа қозғалысына сезімталдықтың жоғарылауы, құрысулар, судан қорқу, сілекейдің көп бөлінуі, тыныс алудың бұзылуы және салдану байқалады.
Клиникалық белгілер пайда болған кезде ауру іс жүзінде әрдайым өліммен аяқталады. Сондықтан жануармен байланыста болғаннан кейінгі профилактикалық шаралардың маңызы зор.
Жануар тістеп немесе сілекейі тиген жағдайда не істеу керек?
Ең алдымен тістелген немесе сілекей тиген жерді дереу және мұқият сабынмен жуып, сумен шаю қажет. Осыдан кейін мүмкіндігінше тез арада медициналық ұйымға жүгіну керек.
Дәрігер жануармен болған байланыстың сипатын бағалап, көрсетілімдер болған жағдайда құтырмаға қарсы вакцинациялау курсын және қажет болған кезде басқа да профилактикалық ем тағайындайды.Симптомдардың пайда болуын күтпеу және тағайындалған вакцинациялау курсын өз бетінше тоқтатпау маңызды.
Құтырмадан қалай қорғануға болады?
* үй жануарларына құтырмаға қарсы вакцинациялауды уақтылы жүргізу;* қаңғыбас және жабайы жануарлармен байланыста болмау;* мінез-құлқы әдеттен тыс жануарды өз бетінше ұстап алуға немесе емдеуге тырыспау;* жануардан құтырмаға күдік туындаған жағдайда ветеринариялық қызметке дереу хабарлау;* кез келген тістеу, сілекейдің тиюі немесе басқа да ықтимал қауіпті байланыс жағдайында медициналық көмекке уақтылы жүгіну.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгіну және жануармен байланыстан кейін профилактикалық шараларды жүргізу аурудың дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








