59,2 пайыз өсім: Жамбыл облысында жарты жылда 505,9 млрд теңге инвестиция тартылды: Жамбылская область, 16 Июля 2026 года - новости на сайте gurk.kz

59,2 пайыз өсім: Жамбыл облысында жарты жылда 505,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.   Жиынға облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты.   Штаб отырысын ашқан Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жобаларды сүйемелдеу бағытында нақты шаралар қабылдануда.   Бүгінде Жамбыл облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің біріне айналды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аймаққа 505,9 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2 пайызға артқан.   Қазіргі таңда облыстың инвестициялық қоржынында жалпы құны 5,6 трлн теңгені құрайтын, шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 116 жоба бар.   2025 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар өсімінің қарқыны жөнінен республикада бірінші орынға шықты. Жоспарланған 86 млн АҚШ долларының орнына 289,7 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, жоспар 3,4 есеге орындалды.   Сонымен қатар өткен жылы өңір тарихында алғаш рет өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн теңгеден асып, облыс республиканың серпінді индустриялық өңірлерінің біріне айналды. Ал биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша еліміздің өңдеу өнеркәсібіне салынған әрбір төртінші теңге облыстың үлесіне тиесілі болды.    Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Жамбыл облысының инвестициялық әлеуеті жоғары екеніне назар аударды.   – Жамбыл облысы минералдық-шикізат қоры мол, еліміздің химия өнеркәсібінің негізгі орталықтарының бірі саналады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенде елеулі артықшылықтарға ие өңір өңдеу өнеркәсібін, жаңартылатын энергетиканы және көлік-логистикалық әлеуетті белсенді дамытып келеді.   Облыстың инвестициялық саясаты минералдық және ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға, химия кластерін кеңейтуге, металлургияны, заманауи агроөнеркәсіптік өндірістерді, энергетиканы және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға бағытталуы тиіс. Инвесторларға тек шикізат көзін ғана емес, инженерлік инфрақұрылымы дайын, бизнесті жүргізудің ашық шарттары қалыптасқан әрі жобаларды кешенді сүйемелдеу қамтамасыз етілген инвестициялық алаңдарды ұсынудың маңызы зор.   Ортақ міндетіміз – инвесторлар үшін түсінікті, ашық әрі қолайлы бизнес ортасын қалыптастыру. Жобалардың уақытылы жүзеге асуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының артуы мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы тиімді ынтымақтастыққа тікелей байланысты. Үкіметтің, облыс әкімдігінің, дипломатиялық қызметтің және кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде Жамбыл облысы инвестициялық өсімнің жоғары қарқынын сақтап, еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі ретіндегі орнын нығайтады деп сенемін, – деді Әлібек Қуантыров.   Штаб отырысында үш ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы, туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды. Инвесторлар жобалар бойынша бейнебайланыс арқылы баяндама жасады.   Атап айтқанда, «For You Energy» ЖШС электр энергиясын өндіре отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салуды жоспарлап отыр. Құны 72 млрд теңге болатын жоба тәулігіне 900 тонна қоқыс өңдеп, 15 МВт электр энергиясын өндіреді. Жоба аясында 200 жаңа жұмыс орны ашылады.   Ал «Great Sky» ЖШС жоғары энергетикалық материалдар өндіретін өнеркәсіптік кешен салуды көздейді. Құны 470 млрд теңгені құрайтын жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 2 400 тонна оқ-дәрі мен 2 700 тонна тротил өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорында 1 500 адам жұмыспен қамтылады.   Сондай-ақ «Harvest Group SA» ЖШС жайылымдық және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыру бағытындағы агроиндустриялық кластерді жүзеге асырады. Құны 94 млрд теңге болатын жоба 41 мың гектар аумақты қамтып, мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.   Жиын қорытындысында инвесторлар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Источник: КГУ «Аппарат акима Жамбылской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона