Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын
2026 жылғы 20-қаңтар күні Ақтау қаласында облыстық семинар өтті.Семинардың мақсаты – ТЖКБ ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын тиімді жүзеге асыру тетіктерін талқылау, кәмелетке толмағандардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, тәжірибе алмасу және практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Семинарға Маңғыстау облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, психологиялық қолдау орталығы, жастар ресурстық орталығы, облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының өкілдері, сондай-ақ ТЖКБ ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, педагог-ұйымдастырушылар және топ жетекшілері қатысты.
Семинарда бала құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Болатбаева ашып, қатысушыларға сәтті жұмыс тіледі.
Пленарлық отырыста Маңғыстау облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі – Т.Селбаев «2025 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдермен жасалған және оларға қатысты жасалған қылмыстардың жай-күйі туралы» ақпарат берді.
Маңғыстау облысы дін істері басқармасының діни экстремизмді алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Шопанова жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оны анықтау тәсілдері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинарда «Психологиялық қолдау орталығының» білікті психолог мамандары логотерапия арқылы жастармен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен таныстырды.
Семинар соңында көтерілген тақырыптардың өзектілігін ескере отырып бірлескен шаралар жүргізу ұсынылды.
Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -





