Аймақтардағы терроризмге қарсы оқу-жаттығулардан үзінді
Жетісу, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында терроризмге қарсы жедел штабтарымен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты - алғашқы ден қою күштерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және теориялық деңгейді көтеру болып табылды.
Оқу-жаттығулар барысында қатысушылардың тактикалық дайындығы және элементтерді орындау кәсібиліктері анықталды.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб басшылығы оқу-жаттығулар нәтижелеріне оң баға берді.
Материал Жетісу, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары және Алматы қаласы
бойынша ҰҚК департаментерінің ақпараты негізінде дайындалды
____________________________________________________________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -