Алдын алу шаралары бірінші орында
Терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес Сайрам аудандық ақпараттық- түсіндіру тобының мүшелері тарапынан Манкент ауылының орталығында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде 50-ге жуық кәсіпкерге дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттері, кереғар діни ағымдардың алдын алу, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және дәстүрлі діни құндылықтардың негіздері түсіндірілді.
Іс-шара барысында Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ж.Битанов, Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Бақтиярұлы әлеуметтік желі арқылы діни білім алудың зияны, террористтік тұрғыдан осал объектілерде қандай да бір террористік іс-әрекеттер немесе қауіпті, белгісіз заттарға куә болған кезде жасалатын іс-қимылдар мен әрекеттердің алгоритмі баяндалды.
Аталған іс-шара жергілікті халық тарапынан оң қабылданып, қатысушылардың діни сауаттылығын арттыруға өз ықпалын тигізді.
Материал Түркістан облысы Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
_______________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -