Астана полициясы арнайы дрон арқылы топырақ ұрланып жатқанын анықтады: Город Астана, 05 Июня 2026 года - новости на сайте gurk.kz

Астана полициясы арнайы дрон арқылы топырақ ұрланып жатқанын анықтады

Астана полициясы арнайы дрон арқылы жүргізілген мониторинг барысында Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау камералары жоқ тұстарда құқық бұзушылықтарды анықтау үшін елордалық полиция дрондар мен қалалық ортаны бақылайтын өзге де заманауи технологиялар қолданады.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі арқылы екі жүк көлігі анықталды. Ақпарат жедел түрде полиция қызметкерлеріне жолданды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, оларды жауапқа тартты. Жүк көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Аталған дерек тіркеліп, материалдар Астана қаласының Экология департаментіне жолданды.

Полиция заңсыз топырақ өндіру мен тасымалдау табиғатты қорғау заңнамасын бұзу болып саналатынын және ол үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтар осыған ұқсас жағдайға куә болса, «102» нөміріне хабарлағаны жөн.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Астана полициясы арнайы дрон арқылы жүргізілген мониторинг барысында Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау камералары жоқ тұстарда құқық бұзушылықтарды анықтау үшін елордалық полиция дрондар мен қалалық ортаны бақылайтын өзге де заманауи технологиялар қолданады.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі арқылы екі жүк көлігі анықталды. Ақпарат жедел түрде полиция қызметкерлеріне жолданды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, оларды жауапқа тартты. Жүк көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Аталған дерек тіркеліп, материалдар Астана қаласының Экология департаментіне жолданды.

Полиция заңсыз топырақ өндіру мен тасымалдау табиғатты қорғау заңнамасын бұзу болып саналатынын және ол үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтар осыған ұқсас жағдайға куә болса, «102» нөміріне хабарлағаны жөн.

Еще новости региона