Астанада веломаусымның жабылуына арналған велошеру өтеді

Астанада веломаусымның жабылуына арналған велошеру өтеді

Астанада веломаусымның жабылуына арналған велошеру өтеді

Астанада веломаусымның жабылуына арналған велошеру өтеді

Елордада 26 қыркүйекте Еңбек күніне арналған «Менің жетістігім – менің нәтижем» велошеруі өтеді. Іс-шара 2026 жылғы веломаусымның жабылуына орай ұйымдастырылып, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Велошеруге 700-ге жуық адамның қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушылар 25 шақырым қашықтықты еңсеріп, елорданың айналма веложолы арқылы Ильинка (Үркер) елді мекеніне дейін барады.

Велошерудің басталуы сағат 09:00-ге жоспарланған. Старт айналма веложолдың Қосшы бағытына қарай орналасқан бөлігінен беріледі. Финиш «Жасыл белдеу» саябағында болады.

Старттық нөмірлерді беру 26 қыркүйекте сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін жүргізіледі.

Велошеру қорытындысы бойынша қатысушылар арасында жүлделер ойнатылады. Сонымен қатар 10 велосипедтің ұтыс ойыны өтеді.Велошеруге қатысу үшін тіркелу 22 қыркүйек күні сағат 09:00-де басталады. Тіркеу reg.elordasport.kz сайты арқылы жүргізіледі.



Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Еще новости региона