Аудан тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Атырау облысының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Құрманғазы ауданында №7 өрт сөндіру бөлімі, аудандық орталық аурухана, А.Құнанбаев, З.Серикқалиев, Б.Бегалиев, М.Ломоносов атындағы орта мектептері, Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі, аудандық Жастар ресурстық орталығы және жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесті.
Жиынға «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теологтары Артур Айтмағанбетов, Ринат Қалмазұлы және қордың филологы Гүлімжан Нұрвахит қатысып, көпшілікке «Ұлттық құндылықтар және дін – тәрбиенің діңгегі», «Зайырлы ел болу мен дін ұстау мәселесі», «Руханият – ұлттық тұтастықтың кепілі», «Құндылық – ұрпақтар сабақтастығының негізі» және «Діні қуатты елдің іргесі берік» атты дәрістер оқыды.
Сарапшылар ұлттық құндылықтар – рухани айнамыз екенін ерекше атап өтті. Дін аясында қойылған сауалдармен өрбіген кездесуге салт-дәстүріміздің жаңғыруына әрбір азамат үлес қосуы тиіс екенін де тілге тиек етті.
Кездесу барысында мамандар жастарға еңсесі биік ел болу үшін ұлттық құндылықтарымызды, дініміз бен дәстүрімізді сақтаудың маңыздылығын баяндады. Сонымен қатар жат ағымдардың ықпалына түспес үшін жан-жақты білім алуға, сауатты болуға шақырды.
Материал Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің
ақпараты негізінде дайындалды
________________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -