Аудандық жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне алгоритм талаптары түсіндірілді
Қазығұрт ауданында барлық мемлекеттік қызметкерлер қамтылған терроризм мен экстремизмге қарсы ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға аудандық ҰҚК, полиция, ТҚК мүшелері және аудандық әкімдікке қарасты барлық мемлекеттік қызметкерлер қатыстырылды.Іс-шара семинар түрінде ұйымдастырылып, ең алдымен теріс идеологияларды жақтаушылармен күрестегі бірлескен міндет, күдікті заттар анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі және салалық террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптар туралы түсіндірілді.Жиналыста аудандағы теріс идеологиялардың таралуының негізгі себептері, олардың алдын-алу, әлеуметтік желілердегі қарсы насихаттық материалдардың сапасын күшейту және кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық шаралардың маңыздылығы туралы талқыланды.Сонымен бірге, жергілікті әкімдік қызметкерлеріне күдікті немесе дағдарыстық оқиғалар орын алған кезде қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы түсіндіріліп, ҰҚКД-нің Терроризмге қарсы орталық бөлімімен арнайы дайындалған бейнематериалдар ұсынылды.Жиынның үшінші кезеңіне сәйкес, салалық бөлімдерге өздеріне қарасты террористік тұрғыдан осал объектілердің иелеріне профилактикалық шараларды ұйымдастыру, олардың талаптарын түсіндіру қажеттігі жеткізілді.Аталған жиналыс барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қамтып, ауқымды маңызға ие болды.Жиналыс қорытындысымен терроризмге қарсы профилактикалық шаралар белсендетіліп, қатысушыларға тиісті нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -













