Қазіргі қоғамдағы этносаралық қатынастар
2026 жылдың 13 ақпан күні Қостанай облысы Амангелді аудандық жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобымен «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты нығайту және ұлттар достығын дәріптеу.
Топ құрамында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Алтын дала» қызметкерлерімен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі және этносаралық келісімді нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өзектілігіне тоқталған спикерлер радикалды ағымдардың белгілері мен олардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни сауаттылықтың қоғам тұрақтылығына әсері де кеңінен сөз болды. Осы орайда, жастардың интернет желісінде ақпараттық және жеке қауіпсіздік талаптары орындау маңыздылығына, ата-ана ретінде баланың әлеуметтік желілердегі іс-әрекетін қадағалау қажеттілігіне баса мән берді.
Спикерлер тарапынан елімізде 130-дан астам ұлт өкілдерінің тұрып жатқандығы айтылып этносаралық келісімді сақтау, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Мұндай кездесулер қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті арттыруға, татулық пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -











