ҚАЗАҚСТАН ЫСТАНБУЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІН ҰСЫНДЫ: Город Астана, 07 Июля 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ҚАЗАҚСТАН ЫСТАНБУЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІН ҰСЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ыстанбұл қаласында өткен жер сілкіністері кезіндегі төтенше жағдайларды басқару мәселелеріне арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Министрлік конференциясына қатысты.

Халықаралық форум денсаулық сақтау министрлерін, халықаралық ұйымдардың басшыларын және жетекші сарапшыларды табиғи апаттардың салдарына денсаулық сақтау жүйелерінің орнықтылығын арттырудың ортақ тәсілдерін әзірлеу мақсатында бір алаңға тоғыстырды.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі өз сөзінің басында Түркия Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына конференцияны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, жаһандық қауіп-қатерлер күшейіп отырған кезеңде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Министр Қазақстанның сейсмикалық қаупі жоғары мемлекеттердің қатарына жататынын айтты. Ел аумағының шамамен 40 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Осыған байланысты мемлекет төтенше жағдайларға ден қоюдың медициналық жүйесін жүйелі түрде нығайтып, инфрақұрылымды жетілдіру, кадрларды даярлау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту жұмыстарын дәйекті түрде жүргізіп келеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған кешенді жүйелі шаралар іске асырылды.

Төтенше жағдайларға медициналық ден қою жүйесінің негізгі буыны – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы.

Бүгінде Орталық құрамына көпсалалы аурухана, санитариялық авиация қызметі кіреді және тәулігіне шамамен 1 600 жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік атқаратын 20 өңірлік жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар елімізде автомобиль жолдарының апат қаупі жоғары учаскелерінде орналасқан 41 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді.

Мобильді медициналық құрылымдарды дамытуға ерекше назар аударылуда. Апаттар медицинасы орталығының Алматы және Өскемен қалаларында қазіргі заманғы далалық мобильді госпитальдармен жабдықталған мамандандырылған жасақтары бар. Олар 14 тәулікке дейін автономды режимде жұмыс істеп, тәулігіне 200-ге дейін зардап шеккен адамға, оның ішінде хирургиялық операциялар жүргізе отырып, шұғыл медициналық көмек көрсете алады.

Медициналық ден қоюмен қатар Қазақстан санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті де нығайтуда. Елдің барлық өңірлерінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жедел ден қою топтары жұмыс істейді. Олар биологиялық, химиялық, радиациялық және өзге де қауіптердің салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз етеді.

2025 жылы 2025–2029 жылдарға арналған қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіптерге дайындықты қамтамасыз ету және ден қою жөніндегі ұлттық жоспар бекітілді. Құжат ведомствоаралық оқу-жаттығуларды тұрақты өткізу, зертханалық әлеуетті дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және шекарааралық эпидемиологиялық өзара іс-қимылды күшейту шараларын қамтиды.

«Ірі жер сілкіністері мен өзге де төтенше жағдайлар төндіретін қауіптерге ешбір ел жеке өзі тиімді қарсы тұра алмайды деп сенеміз. Тек тәжірибені, технологияларды және кәсіби құзыреттерді біріктіру арқылы ғана адамдардың өмірі мен денсаулығын сенімді қорғауды қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуға, үздік тәжірибелермен алмасуға, мамандарды бірлесіп даярлауға және төтенше жағдайларға жаһандық дайындық жүйесін нығайтуға әзір», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Конференция аясында қазақстандық делегация ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер қорытындысы бойынша шұғыл медицина мамандарын даярлау, апаттар медицинасы қызметтерін дамыту және заманауи технологиялармен алмасу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы шұғыл медицина саласындағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі базалық алаң ретінде айқындалды. Бұл бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге, тәжірибе алмасуға және ірі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде іс-қимылды жедел үйлестіруге мүмкіндік береді.

Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона