ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 285-ШІ «АУЫЛ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ» ЕРІКТІ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚҰРЫЛЫМЫ САУРАНДА АШЫЛДЫ
Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Теке ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Чайзада Бағдат пен аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Сихымбай қатысты.
Жаңа нысан ауданның төрт елді мекенінде орын алуы мүмкін өрттер мен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Теке ауылына ең жақын мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 35 шақырым қашықтықта орналасқан еді. Осыған байланысты төтенше жағдай кезінде арнайы бөлімшелердің оқиға орнына жетуіне қосымша уақыт қажет болатын. Жаңа бекеттің ашылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өртке қарсы қызметтің қолжетімділігін арттырады.
Бекеттің жауапкершілік аймағына жалпы саны 6 500-ге жуық тұрғыны бар төрт елді мекен кіреді. Тұрақты кезекшіліктің ұйымдастырылуы және қажетті өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етілуі өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өрт сөндіру бекетінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті материалдық-техникалық база құрылды. Нысан қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, Төтенше жағдайлар департаментінде бастапқы даярлықтан өткен жеке құраммен жасақталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -














