«Біз бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі өзгеріске қол жеткізе аламыз! Тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!»
Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғаларды алдын алу, нашақорлық, құқықбұзушылық, лудомания және буллингке қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе жастар тәрбиесі, жауапкершілік, құқықтық сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды нығайту мәселелеріне басымдық берілді. Кездесу интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты және жан-жақты жауап алды. Аталған жиын жастардың әлеуметтік және моральдық сауаттылығын арттыруға, олардың саналы әрі тәрбиелі азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды шара болып есептелді.Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -












