Басты міндет - терроризмнен сақтану
Алматыда ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі Жедел құтқару жасағында жеке құрам арасында «Басты міндет - тероризмнен сақтану» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.Іс-шараның мақсаты: терорлық қауіп-қатерден сақтану және тәртіпсіздіктер кезінде жеке құрамды дұрыс әрекет етуге бағыттау бойынша сабақ жүргізу.Аталған іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының «Жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау» бойынша бас маманы Ербол Әлібаев пен ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» психологі Жазира Досаева қатысты.Іс-шараның барысында Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов жеке құрамға арнайы шақырылған қонақтарды таныстырды. Құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова жеке құрамға «Басты міндет - тероризмнен сақтану» тақырыбында презентация көрсетті.Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының «Жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бас маманы Ербол Әлібаев өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, дәріс оқыды. Жазира Досаева «Менің көңіл-күйім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, өз-өзін ретке келтіру, бір-біріне ұжымда сенімділік білдіру болды.Семинар-сабаққа келген қатысушылар мамандарға өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап алды. Іс-шараның соңында бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова жеке құрам атынан қонақтарға ризашылығын білдірді.
Материал Алматы қаласы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






