Батыс Қазақстан облысы жедел штабының жедел топтарының Орал қаласы аумағында ажыратылған жаттығулары өткізілді
Оқу іс-шарасының тақырыбы – террористік сипаттағы дағдарыстық жағдайды оқшаулау және залалсыздандыру бойынша іс-қимылдарды практикалық пысықтау.Ажыратылған оқу-жаттығуды өткізу барысында анонимді хабарламаның келуіне жедел әрекет ету кезеңдері, бастапқы тексеру іс-шараларын ұйымдастыру, іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тергеу іс-шаралары практикалық тұрғыда модельденіп, пысықталды.Өткізілген оқу-жаттығу барысында, қатысушылардың антитеррорлық операциядағы іс-қимылдарының кезең-кезеңімен алгоритмін пысықтауға, ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимыл мәселелерін талдауға, сондай-ақ ден қою жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Оқу іс-шарасы жеке құрамның практикалық дағдыларын нығайтуға және тартылған күштер мен құралдардың өз міндеттерін орындауға дайындық деңгейін арттыруға ықпал етті.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -




















