Дайындық – жоғары деңгейде!
ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш және Сырдария аудандық жедел штабтарының (бұдан әрі - АЖШ) қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу жаттығудың негізгі мақсаты терроризмге қарсы операция өткізуге тартылған аудандық жедел штаб құрамындағы жедел топтардың теориялық дайындық деңгейін көтеру, терроризм актісінің жолын кесуге арналған ведомствоаралық өзара іс-қимыл әрекеттерін жетілдіру болып табылады.
Осы ретте, терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб құрамындағы топтардың террористік сипаттағы оқиғалар көрініс берген кезеңіндегі қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға дайындық деңгейіне, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны өткізуге қатысатын қызметкерлердің тәжірбиелік дағдысына баға берілді.
Жалпы ұйымдастырылған іс-шара АЖШ құрамындағы жедел топтардың дайындық деңгейі мен теориялық білімінің жоғарылауына негіз болды.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық жедел штабының негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -











