ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылдың 6 айындағы қызмет қорытындысына арналған алқа отырысы өтті. Жиын қала әкімінің орынбасары А.Сәбитовтің төрағалығымен ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.Басқарма басшысы Қайрат Қалибеков 2026 жылдың 6 айындағы негізгі көрсеткіштер туралы баяндама жасады.Басқарма басшысының айтуынша, 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығында денсаулық сақтау саласында бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Жедел жәрдем қызметіне 25 жаңа автокөлік алынып, автопарктың жаңару деңгейі 54,2%-ға жетті.Ұлттық аккредиттеуден өтуі тиіс 91 медициналық ұйымның 63-і аккредиттеліп, көрсеткіш 67%-ды құрады. Жоғары технологиялық медициналық көмек аясында 273 күрделі операция жасалып, 3 ауруханада «Госпитальдық фармация» бөлімшесі ашылды. Цифрландыру бағытында жедел жәрдемге 240 смарт бейнежетон енгізіліп, CEREBRA AI жүйесі арқылы 4000-нан астам зерттеу өңделді, ал PACS жүйесі 21 медициналық ұйымда жұмыс істейді.PULS AI жүйесін енгізу нәтижесінде мемлекеттік емханалардағы кемшіліктер мен бұзушылықтар саны 55%-ға азайды.Сондай-ақ, жиында жоспарлы вакцинациямен қамту, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы, МӘМС жүйесі бойынша атқарылған жұмыс және медициналық ұйымдарға түскен арыз-шағымдардың қорытындылары қаралды.Отырыс қорытындысында мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың басшыларына медициналық қызмет сапасын арттыру, халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -














