ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА
СҚО Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп қаладағы орта мектептердің оқушылары үшін диалог форматында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл жолы облыстық мамандандырылған күрестен балалар-жасөспірімдер мектебінің және С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының жоғары оқу сыныбының тәлімгерлеріне дәріс өткізілді. Оқушыларға діни бірлестіктердің заңнамасы және шетелдік ағымдардың қоғамға зияны туралы баяндалды.
Теолог мамандар А. Зулфукоров пен Н.Беков радикалды діни ағымдардың өкілдерінен қорғану жолдарын түсіндірді. Спикерлер кез-келген діни ақпаратты тек мемлекет тіркеген діни мамандардан немесе мешіт имамдарынан алуға кеңес берді. Сондай-ақ жат ағым өкілдерінің сырт бейнесімен, намаз оқу үлгісінде көрсетті.
Қорытындылай келе, теологтар интернет арқылы және бөгде адамдардан ешқандай діни ақпарат алмауға кеңес берді. Сөз соңында білім алушылар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, бас спикерден толық жауап алды.
Материал ҰҚК СҚО бойынша департаментінің
ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -