ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Түркияның Анкара қаласында энергетика саласы мамандары арасында өткен халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстанның намысын қорғаған «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС командасы байқауда I орын иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.
21-23 қыркүйек аралығында TEDAŞ оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылған кәсіби сайысқа Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің энергетика саласының мамандары қатысты.
Үш күнге созылған бәсекеде қатысушылар кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін және командалық үйлесімділігін сынға салды.
Қазақстан атынан қатысқан «Оңтүстік Жарық Транзит» мамандары тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, кәсіби шеберлігі мен тәжірибесін дәлелдеді. Нәтижесінде қазақстандық команда барлық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды.
Жүлделі орындар қатарынан Әзірбайжан мен Түркия командалары да көрінді.
Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар келесі жылғы кәсіби шеберлік сайысын Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс білдірді.
Айта кетейік, «Оңтүстік Жарық Транзит» командасы өткен жылы да аталған халықаралық байқауға қатысып, III орын иеленген болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -















