ГОСУДАРСТВЕННОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ: КАЧЕСТВО, ЗАКОННОСТЬ И ОТВЕТСТВЕННОСТЬ: Карагандинская область, 14 Июля 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ГОСУДАРСТВЕННОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ: КАЧЕСТВО, ЗАКОННОСТЬ И ОТВЕТСТВЕННОСТЬ

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес алуы – мемлекеттік басқарудың тиімділігін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау, заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты мемлекет басшысымен айқындаған «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатына негізделген. Бұл азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған тиімді, ашық әрі қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету екенін білдіреді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына қатысты жоспарлы, жоспардан тыс тексерістер жүргізді. Тексеру қорытындысында 3000-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Оларды жою мақсатында мемлекеттік органдарға  ұсынулар енгізіліп, заң талаптарын бұзған 27 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Есептік кезеңде Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 281 өтініш келіп түсті. Талдау нәтижесіне сәйкес өтініштердің басым бөлігі, нақты айтқанда сауда-саттық және бау-бақша мәселелеріне қатысты болғаны анықталды.

Жалпы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде 220-ға жуық азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Бұл көрсеткіш азаматтардың өтініштерін қарау, жоспардан тыс тексерулер жүргізу, қашықтықтан бақылау тетіктерін пайдалану, мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдау, сондай-ақ EgovKzBot 2.0 Telegram-боты арқылы келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде қол жеткізілді.

Бұл деректер мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты бақылау жүргізудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді. Себебі әрбір мемлекеттік қызметтің артында азаматтың құқығы, уақыты және заңды мүддесі тұр.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта «Елге қызмет» тележобасы аясында бағдарламалар ұйымдастырылып, ай сайын аудан-қалаларда «Қызмет алушылар күні» іс-шаралары өткізілуде. Бұдан бөлек, мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушілер арасында семинарлар, түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылып,  телеарналарда сұхбаттар, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен тікелей эфирлер арқылы тұрғындарға заңнамадағы жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, мемлекеттік қызметтердің қолжетімді әрі сапалы ұсынылуы халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, тиімді әрі сервистік мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз болады.

МҚІА Қарағанды облысы

бойынша    департаменті

Мемлекеттік қызмет көрсету

басқармасының

басшысы

Е. Сагиндиков

Источник: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона