Күзет қызметінің антитеррорлық дайындығы арттырылды
Мемлекеттік нысандар мен онда қызмет атқаратын персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік органдардың тұрақты және үздіксіз жұмысын қолдайтын маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі қауіп-қатерлер жағдайында мамандандырылған күзет бөлімшелерінің рөлі артып, олар кіруді бақылауды, белгіленген тәртіпті сақтауды және күзетілетін аумақтарға заңсыз кірудің алдын алуды қамтамасыз етеді.
Осы міндеттерді тиімді орындау үшін күзет қызметкерлері кәсіби дағдыларға ие болып қана қоймай, төтенше жағдайларда, соның ішінде террористік сипаттағы қатерлер туындаған сәтте дұрыс әрі жедел әрекет етуге дайын болуы қажет. Жұмыстың тиімділігі нормативтік талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылға, сондай-ақ тұрақты түрде нұсқаулықтар мен жаттығулар өткізуге тікелей байланысты.
Осы талаптарды ескере отырып, ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ-нің Үкіметтік нысандарды қорғау жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшылық құрамы мен қызметкерлеріне арналған оқу-тәжірибелік шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – күзет персоналының кәсіби деңгейін арттыру және террористік тұрғыдан осал объектілердегі өткізу тәртібін күшейту.
Оқыту барысында қатысушыларға терроризмге қарсы іс-қимылды реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ террористік қатер туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың белгілері, күмәнді немесе қараусыз қалған заттар анықталған кезде мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібі және жалған хабарламаларға ден қою рәсімдері қарастырылды.
Бұдан бөлек, эвакуацияны ұйымдастыру, нысан аумағында тексеру жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ведомстволық нұсқаулықтар аясында өткізу және ішкі нысандық режимді сақтау жөніндегі негізгі талаптар қайта пысықталды.
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -





