ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІНІҢ ТАРИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ: Туркестанская область, 24 Сентября 2026 года - новости на сайте gurk.kz

ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІНІҢ ТАРИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан өңіріндегі киелі орындардың бірі – Үкаша ата кесенесі мен құдығына арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға БАҚ өкілдері мен блогерлер, музей және мәдениет саласының мамандары қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты – Үкаша ата кесенесі мен құдығының тарихи-мәдени және рухани мәнін кеңінен таныстыру, нысан туралы шынайы ақпарат тарату, сондай-ақ оның ішкі және рухани туризмді дамытудағы маңызын көрсету. Баспасөз турына қатысушылар алдымен Үкаша ата кесенесіне барды. Бұдан кейін қасиетті құдыққа ат басын бұрып, арнайы ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов ашып, Үкаша ата кесенесі мен құдығының тарихи-мәдени мұра ретіндегі маңызына және ішкі туризмді дамытудағы әлеуетіне тоқталды. Жиында философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы және орталықтың аға ғылыми қызметкері Ұлықбек Жүнісбаев сөз сөйлеп, Үкаша ата тұлғасының қазақ руханиятындағы орны, оған қатысты тарихи жазба деректер мен халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер жөнінде құнды мәліметтер ұсынды. Мамандар арнайы пікір алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, киелі нысанның ғылыми және рухани қырларына қатысты ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында қатысушылар Үкаша ата құдығын тамашалап, ғасырлар бойы халық арасында қалыптасқан зиярат дәстүрлерінің бірі – құдыққа шелек тастау рәсімімен танысты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан өңіріндегі киелі орындардың бірі – Үкаша ата кесенесі мен құдығына арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға БАҚ өкілдері мен блогерлер, музей және мәдениет саласының мамандары қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты – Үкаша ата кесенесі мен құдығының тарихи-мәдени және рухани мәнін кеңінен таныстыру, нысан туралы шынайы ақпарат тарату, сондай-ақ оның ішкі және рухани туризмді дамытудағы маңызын көрсету. Баспасөз турына қатысушылар алдымен Үкаша ата кесенесіне барды. Бұдан кейін қасиетті құдыққа ат басын бұрып, арнайы ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов ашып, Үкаша ата кесенесі мен құдығының тарихи-мәдени мұра ретіндегі маңызына және ішкі туризмді дамытудағы әлеуетіне тоқталды. Жиында философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы және орталықтың аға ғылыми қызметкері Ұлықбек Жүнісбаев сөз сөйлеп, Үкаша ата тұлғасының қазақ руханиятындағы орны, оған қатысты тарихи жазба деректер мен халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер жөнінде құнды мәліметтер ұсынды. Мамандар арнайы пікір алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, киелі нысанның ғылыми және рухани қырларына қатысты ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында қатысушылар Үкаша ата құдығын тамашалап, ғасырлар бойы халық арасында қалыптасқан зиярат дәстүрлерінің бірі – құдыққа шелек тастау рәсімімен танысты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона