Әлеуметтік желідегі діни теріс ағымдардан сақ болу
Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №1 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған «Әлеуметтік желідегі діни теріс ағымдардан сақ болу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Аталған шараға №1 Мәртөк жалпы орта мектебінің жоғары сыныптарынан барлығы 100 оқушы қатысты.Кездесу барысында аудандық жастар ресурстық орталығының теологы Қазенов Нұрберген Мирасұлы «Әлеуметтік желілерде жат ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс аясында дін мен мемлекет арасындағы байланыс, зайырлылық ұғымы, рухани құндылықтар мен мәдениет, елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдар туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі діни сайттарды дұрыс таңдау жолдары мен жат ағымдардың ықпалынан сақтану тәсілдері түсіндірілді.Әсіресе әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану ережелеріне ерекше назар аударылып, онлайн кеңістікте жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Күмәнді парақшалар мен топтарды анықтау жолдары, ақпараттың шынайылығын тексеру әдістері және қауіп төнген жағдайда жүгінуге болатын мекемелер туралы нақты кеңестер берілді.Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы әрі қажетті ақпарат алды. Дәріс арнайы әзірленген слайдтар арқылы жүргізіліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға арналған бейнематериалдар көрсетілді. Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.Материал Актөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -









